Жетісу облысының туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған «Жер жәннаты - Жетісу» керуені Алматы қаласында өз жұмысын бастады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің табиғи, мәдени және рекреациялық мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру, туризм саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Жетісу аймағын Қазақстандағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретінде таныту болып табылады.
Керуен барысында Жетісу облысының @zhongar_alatau_kz, @altynemel_np, @mcps_khorgos, @m_tynyshbaiuly_muzei, @zharkentarasan, @tau_zhetysu, @yahta_balhash, @jetysu_camping туристік нысандары таныстырылды.
«Жер жәннаты - Жетісу» керуені алдағы күндері өз сапарын жалғастырып, өңірдің туристік мүмкіндіктерін көпшілікке кеңінен насихаттайтын болады.