Арқарлар (латынша атауы – ovis ammon) – ашатұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тобына, қой тұқымдасына жататын сүтқоректілердің ең ірісі. Олар әдетте таулы, далалы аймақта мекендейді.
Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл кітабында арқарлар «жойылып кету қаупіне жақын» санатында тұр. Ал біздің ел аумағында кездесетін арқардың барлық түрі Қазақстанның Қызыл кітабына әртүрлі санаттар бойынша енген.
Қазақтар арқардың аталығын – құлжа, төлін қозықа деп атайды. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты болса, ұрғашысының мүйізі шағын әрі қысқа, бозғылт қоңыр түсті болып келеді.