#Repost @jetisu_akimdigi
——
✅ Жетісу жеріндегі туризмді дамыту су, экология және тау туризмдеріне арқа сүйейді, яғни 5 дестинацияға негізделген. Атап айтқанда, олар – Алакөл, Балқаш көлдері, «Жоңғар Алатауы» мен «Алтынемел» Ұлттық парктері және тау туризмі. Инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы өңірдің туристік нысандарына 2 миллионнан астам адам келді.
☝? Бірінші кезекте Алакөл көліне көлікпен жетуге қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, «Талдықорған – Үшарал» (313,5 км) және «Үшарал – Достық» (184 км) автомобиль жолдары, сондай-ақ әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңартылды. Осы орайда пойыздар саны 12-ге дейін ұлғайтылды. Осылайша көлге Астана, Алматы, Өскемен, Семей және Қызылорда қалаларының пойыздары, сондай-ақ «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы қатынайды. 2025-2027 жылдары жоғары вольтты электр беру желілерін, кәріз тазарту құрылыстарын салу және жағалауды нығайту арқылы Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамыту жалғасады. Сонымен қатар электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесі де шешілуде.
«Уақытша шара ретінде өткен жылы қуатты трансформаторлар орнатылды. Проблеманы түпкілікті шешу үшін Бескөл-Ақши электр беру желілерінің құрылысы басталды, биыл аяқталады деп жоспарланып отыр, электр қуаты Бескөл ауылына ғана емес, Ақши жағалау аймағына да үздіксіз жеткізілетін болады. Келесі кезеңде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электр беру желісі Көктұмаға дейін созылады.
☑️ Сонымен қатар биылғы жылы Алакөл көлінің жағалауын нығайту жұмыстарына республикалық бюджетке қаржы бөлінді», - делінген басқарманың хабарламасында. Осы орайда Алакөл курорттық аймағындағы туризм нысандары санының 1,5 есеге жуық өскенін де атап өткен жөн.
✔️ Шағын авиация мен су көлігінің қызметін реттеу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Алакөл мен Балқаш көлдерінде су көлігін тұраққа қою мен пайдаланудың, сондай-ақ ұшу аппараттарын қолданудың қағидаларын белгілейтін нормативтік акт әзірленді.