Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Бұл мәселе Сарқан ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен туризм саласын дамытуға арналған жиында талқыланды.

Жиынға Сарқан ауданының әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы, Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы Түкібаев Сәкен Ғалымұлы, «Жетісу» туристік ақпараттық орталығының басшысы Нуриев Жандос Мәлікұлы және «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры Кабиев Марат Нұрғазыұлы қатысты.

Жиында аудан аумағындағы туризм саласының даму бағыттары қаралды. Оның ішінде Балқаш көлі жағалауы мен тау туризмі басым бағыттар ретінде белгіленген.

Жасыл көл туристік бағытын дамыту аясында бірқатар нақты жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, Жасыл көлге апаратын туристік жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жол бойындағы “Ағыны қатты” өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысына қаржат қарастырылған.

Биылғы жыл жоспарында салынатын автомобиль жолынан Жасыл көлге дейін 993 метрлік баспалдақ салу, аумақты абаттандыру, туристерге арналған демалу орындары мен шолу алаңын орналастыру қарастырылған.

Бұдан бөлек, жиында «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалін ұйымдастыру, туризмді дамытудағы білім беру ұйымдарының рөлі, сондай-ақ Аманбөктер тауларындағы «Таңбалы тас» петроглифтерін сақтау және туристік әлеуетін арттыру бағыттары қаралды.

Айта кету керек, биыл Сарқан ауданында жаңа “Туризмді дамыту және бизнесті қолдау” бөлімі ашылды.