Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

2025 жылғы далалық жұмыстар мен әдеби дереккөздерді зерттеу нәтижесінде парк флорасы тізіміне 11 жаңа түр енгізілді. Бұл түрлердің барлығы ғылыми деректерге сәйкес өздерінің табиғи ареалында кездестіріліп отыр.
Сол анықталған түрлердің бірі — Қызғылт қырлышөп (Polygonatum roseum (Ledeb.) Kunth) — Ландыштар тұқымдасына (Convallariaceae), Қырлышөп (Polygonatum) туысына жататын шөптесін өсімдік. Аталған түр 13 маусым күні Сарқан филиалының Аманбөктер орманшылығында, теңіз деңгейінен 1457 метр биіктікте, Сарқан өзенінің бойындағы Шренк шыршасы (Picea schrenkiana) өскен батпақты орманнан гүлдеудің соңы фазасында кездестіріліп, анықталды.

Ғылым бөлімі