25 желтоқсан күні Жетісу облысының туризм басқармасында Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туризм саласын дамыту мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Іс-шара барысында ұлттық табиғи паркімізде экологиялық туризмді дамыту мақсатында аймақтағы туристік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жоспарланып, өңірдің табиғи, тарихи-мәдени нысандары мен туристік маршруттары туралы мәліметтер берілді.