Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 2025 жылғы 3 ақпандағы №27 н-ң бұйрығына сәйкес, көктемгі санақ жұмыстары өтті. Санақ парктің негізгі аумақтары мен Тоқты қаумалының территориясында жүзеге асырылды.

Бұл шараның басты мақсаты – жануарлар дүниесінің санын анықтау, олардың таралу аймағын белгілеу және бақылау. Санақ жұмыстарына жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің басшысы, аңшылықтанушылар және мемлекеттік инспекторлар қатысты.

Жоңғар-Алатауы МҰТП табиғи байлықтарды сақтауға және тұрақты мониторинг жүргізуге ерекше мән береді. Мұндай санақтар жыл сайын өткізіліп, табиғатты қорғау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.