Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында табиғатты сақтау мақсатында маңызды жұмыстар атқарылуда!
2021-2025 жылы кешенді жоспары аясында Сиверс алмасының сирек кездесетін және генетикалық құнды түрін сақтау үшін арнайы орман екпелері отырғызылған.
Бүгінгі таңда 154,2 гектар аумақта осы алма ағаштарына күтім жасау, баптау және қорғау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Бұл – табиғатымыздың биологиялық әртүрлілігін сақтау жолындағы маңызды қадам. Сиверс алмасы – мәдени алмалардың арғы тегі және Қазақстан табиғатының қазынасы.
Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі
Табиғатты бірге қорғайық!
#ЖоңғарАлатауы #СиверсАлмасы #ТабиғаттыҚорғау #ҰлттықПарк #KazakhstanNature #Экология