Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhongar-alatau.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Қазақстанның ең көркем аймағында орналасқан. Жалпы жер көлемі 356022 га. Ұлттық парк үш ауданның аумағында орналасқан: Жетісу облысының Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандары. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 7 кереметі:
1. Жоңғар Алатауының ерекше экологиялық, генетикалық, тарихи-эстетикалық құндылығы бар тың табиғаты мен табиғи тау пейзаждарын көру.
2. Бірегей алма ормандарымен - әлемдегі алма ағашының барлық сорттарының бастаушысы, әлемдік маңызы бар генетикалық ресурстардың көзі болып табылатын Сиверс алма ағашымен танысыңыз. Жоңғар-Алатауы МҰТП жалпы алаңының 1,05%-ын Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Сиверс алма ағашының жабайы екпелері алып жатыр.
3. Тянь-Шань тауларына жататын Жетісу (Жоңғар) Алатауының панорамалық көріністерін тамашалауға болады.
4. Дәл осы жерде маңызды тау шыңы, Жетісу (Жоңғар) Алатауы тау жүйесінің ең биік нүктесі – Семёнов-Тянь-Шань шыңы, теңіз деңгейінен 4622 м биіктікте орналасқан.
5. Жетісу (Жоңғар) Алатауының тарихы мен мәдениетімен танысасыз – мұнда Жетісудың ежелгі және ортағасырлық көшпенділерінің ескерткіштері: Үйгентас қорымдары, «Әулие тас» киелі жері, ерте темір дәуірінің қорғандары жатады.
6. Сирек кездесетін флора мен фауна өкілдерімен танысыңыз, өйткені ұлттық парк аумағында климаты ерекше жұмсақ, соның арқасында Жоңғар-Алатау Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар әлемінің көптеген сирек өкілдерінің мекеніне айналды.
7. Жетісу Алатауының інжу-маржаны – мұздық тектес Жасылкөл көлін тамашалаңыз. Жасылкөл көлі теңіз деңгейінен 1630 метр биіктікте орналасқан. Жасылкөл көлі ерекше сұлулығымен көз тартады.
@qazaqormany @qyran_koz @plotnikov.kz @dmitri.ero1980 @kertaev.kz
#табиғат #жоңғаралатауы #туризм #табиғаткереметі