Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhongar-alatau.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Жыл сайын 22 мамырда Халықаралық биологиялық әртүрлілікті (Жердің флорасы мен фаунасын) сақтау күні атап өтіледі. Планетадағы тіршіліктің әртүрлілігін сақтау үшін күресудің бір жолы - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарау. "Жоңғар- Алатауы МҰТП" биоалуантүрлілігі өте бай өлке. Парк аумағында 891 өсімдік, 49 сүтқоректілер, 170 құстар, 8 бауырмен жорғалаушылар, балықтардың 3 және 755 омыртқасыздар түрлері бар. Биоалуантүрлілікті сақтау адамзат үшін өте маңызды. Осы күнге орай, ұлттық парк қызметкерлері Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға "Ашық есік күні" аясында экологиялық дәріс және танымдық экскурсия өткізді. Қатысушылар саны - 27 адам.