Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Ұзынқұйрық сарышұнақ - кеміргіштер отряды, тиіндер тұқымдасы, сарышұнақтар туысының бір түрі.
Дене ұзындығы 22-28 см, салмағы 170-570 г. Басқа сарышұнақтардан ерекшелігі: құйрығы үлпілдек жүндес, маусымға байланысты реңі әртүрлі: ақшыл сұр, көгілдір күрең.
Жоңғар-Алатауы МҰТП-де ұзынқұйрық сарышұнақтар биік тауларда, шыршалы ормандардан жоғары, арша мен альпілік шалғындарда кездеседі. Отырықшы жануар. Қысқы ұйқыға кететін түр.
Негізгі қорегі – шөптесін өсімдіктердің тұқымдары, тамырлары мен өркендері. Сонымен қатар, жидектер, саңырауқұлақтар мен жәндіктермен де қоректенеді. Ең көп қоныстанған жерлерде гектарына 15-20 дараққа дейін мекендейді, ал індерінің тығыздығы гектарына шамамен 150-200 құрайды.

Ғылым бөлімі